Елімізде су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ке артады
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.
"Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныс енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр", – дейді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Жаңалықтар
0