Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимов пен бірқатар лауазымды тұлға жүргізуші куәлігін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
"Аталған "қызмет" үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған. Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне - 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Сот санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Енді жүргізуші куәлігін алу емтиханына тек "ХҚКО" қосымшасы арқылы жазылуға болады
Жаңалықтар
0