Енді жүргізуші куәлігін алу емтиханына тек "ХҚКО" қосымшасы арқылы жазылуға болады

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Жазылу
Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек "ХҚКО" қосымшасы арқылы жазылуға болады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет".
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "ХҚКО" қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды", - деп жазылған хабарламада.
Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер "Теориялық емтиханға жазылу" немесе "Тәжірибелік емтиханға жазылу" батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кетері, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі.
"Азаматтарға арналған үкімет" қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертті.
Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады.
Еске салайық, талапкерлер емтиханға бұрын booking.gov4c.kz сайтында жазылатын, алайда "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десек те, сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.
Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.
"ХҚКО" қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.
Жаңалықтар
0