Ақтауда жүргізушілер төлемеген көлік салығы 900 млн теңгеден асады

© Sputnik / Владислав ВодневАқтауда жүргізушілер төлемеген көлік салығы 900 млн теңгеден асады
Ақтауда жүргізушілер төлемеген көлік салығы 900 млн теңгеден асады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Салық төлеуден жалтарған адамдардың көліктері айыппұл тұрағына қойылады
АЛМАТЫ, 2 мамыр - Sputnik. Ақтау қаласының автокөлік иелері 900 миллион теңгеден астам көлік салығын төлемеген, деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтауда рейд жүреді. Бүгіннен бастап облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, Ақтау прокуратурасы мен жергілікті полиция қызметі өкілдері салық төлемегендерді тексереді.
Қалада қарызы 907 миллион теңгеден асатын 16 мыңға жуық азамат бар.
"Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды, содан бері барлық салық төлеушілерге хабарлама жіберілді. Олардың орындалу мерзімі - бір ай. Қарызды өтемегендерге салық бұйрықтары рәсімделді. Бұл бұйрықтар автоматты түрде сот орындаушылар палатасына жіберіледі, онда берешекті өндіріп алу бойынша одан әрі жұмыс жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Жеке сот орындаушылары шығарған қаулылар негізінде салық төлеуден жалтарған адамдардың көліктері айыппұл тұрағына қойылады. Берешегі бар тұрғындардың банктік шоттары бұғатталады. Егер көлік айыппұл тұрағында болса және салық төленбесе, автомобильдер қарызды өтеу үшін аукцион арқылы сатылады", - дейді ведомство. Рейдтік іс-шаралар апта сайын өткізілетін болады.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Салықтан жалтарған блогерлерге қосымша бір ай уақыт берілді
Жаңалықтар
0