https://sputnik.kz/20250501/qostanay-oblysynda-sut-fermasy-ashyldy-53066547.html
Қостанай облысында сүт фермасы ашылды
Қостанай облысында сүт фермасы ашылды
Sputnik Қазақстан
Екі жарым миллиард теңге тұратын бұл жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты 01.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-01T18:38+0500
2025-05-01T18:38+0500
2025-05-01T18:40+0500
сүт өнімдері
ферма
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_86e37fa582ba412185511fc3661f131d.jpg
АСТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Қостанай облысының Новотроицк ауылында заманауи тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Алты жүз сауынды сиырға есептелген фермада жылына 3 мың 600 тонна сүт өндіріледі, деп хабарлады 24.kz.Жобаның тиімділігін байқаған кәсіпкер шаруашылығын кеңейтпек ойы бар. Новотроицк ауылындағы бұл ферма бір жылдың ішінде салынды. Төрт-бес ай бұрын Ресейден голштино-фризска тұқымына жататын құнажындар сатып алынған. Бүгінде олар төлдеп, сүт бере бастады.Екі жарым миллиард теңге тұратын бұл жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты. Толық қуатына шыққанда бұл ферма күніне шамамен 3 миллион теңге табыс табады екен.Жаңа фермада Новотроицк ауылының 30-дан астам тұрғыны жұмыс тапты. Ал енді сүт сауу бөлімі соңғы технологиямен жабдықталған.Қостанай облысында осындай 6 тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр. Олардың бәрі іске қосылғанда жылына қосымша 20 мың тонна сүт өндірілетін болады.
https://sputnik.kz/20250422/qaragandyda-sut-subsidiyasyn-zhymqyrgandar-sottaldy-52742891.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fdbb1cfdafea23f8b79c1ecc0b5e1134.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сүт өнімдері, ферма, қостанай облысы
сүт өнімдері, ферма, қостанай облысы
Қостанай облысында сүт фермасы ашылды
18:38 01.05.2025 (жаңартылды: 18:40 01.05.2025) Екі жарым миллиард теңге тұратын бұл жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты
АСТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Қостанай облысының Новотроицк ауылында заманауи тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Алты жүз сауынды сиырға есептелген фермада жылына 3 мың 600 тонна сүт өндіріледі, деп хабарлады
24.kz. Жобаның тиімділігін байқаған кәсіпкер шаруашылығын кеңейтпек ойы бар. Новотроицк ауылындағы бұл ферма бір жылдың ішінде салынды. Төрт-бес ай бұрын Ресейден голштино-фризска тұқымына жататын құнажындар сатып алынған. Бүгінде олар төлдеп, сүт бере бастады.
"Бүгінгі күнде бір сиырдан тәулігіне 24 литр сүт сауып жатырмыз. Ол енді орташа. Бірінші рет төлдеп жатыр. Сүт көбейеді деп ойлаймыз. Жоба 5,5 жылда ақталады деп отырмыз", - дейді "Астам и К" ЖШС директоры Қанат Шағыров.
Екі жарым миллиард теңге тұратын бұл жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты. Толық қуатына шыққанда бұл ферма күніне шамамен 3 миллион теңге табыс табады екен.
Жаңа фермада Новотроицк ауылының 30-дан астам тұрғыны жұмыс тапты. Ал енді сүт сауу бөлімі соңғы технологиямен жабдықталған.
"Шырша деп аталатын сүт сауу залы 15 орынды екі қатардан тұрады. Яғни бірден 30 сиыр сауылады. Малдың жай-күйі, не жеп, қанша сүт бергендігі орталық басқару жүйесінде көрініп отырады", - дейді инженер-механик Мүслім Қабдыбеков.
Қостанай облысында осындай 6 тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр. Олардың бәрі іске қосылғанда жылына қосымша 20 мың тонна сүт өндірілетін болады.