Қарағандыда сүт субсидиясын жымқырғандар сотталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМолочный комбинат, архивное фото
Молочный комбинат, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
"DIAS" шаруа қожалығының басшылары 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Қарағандыда субсидияны жымқыру фактісі бойынша кінәлілер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге қолды болған.
Аталған істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.
"DIAS" шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған", - деп жазылған хабарламада.
Алайда іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған.
Тиісінше сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған.
Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 миллион теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Выступление Алихана Смаилова в мажилисе парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Субсидия алған 2,5 мыңнан астам субъекті жұмысын тоқтатқан – Смайылов
Жаңалықтар
0