Субсидия алған 2,5 мыңнан астам субъекті жұмысын тоқтатқан – Смайылов

© Photo : Высшая аудиторская палата РКВыступление Алихана Смаилова в мажилисе парламента РК
Выступление Алихана Смаилова в мажилисе парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Жоғары аудиторлық палата ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялардың тиімділігін зерделеп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде осы салада субсидиялау көлемі артып келеді. Алайда оларды тиімді пайдалану мәселесі шешілген жоқ.
"Субсидиялаудың нақты басымдықтары белгіленбеген. Бұл субсидия қаражатын көптеген бағытқа шашуға ықпал етеді. 17 бағыт бойынша 67 субсидия түрі бар, ал олардың әсері шамалы. Сонымен қатар нақты нысаналы индикаторлар айқындалмаған",-деді Смайылов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Субсидия берілетін бағыттардың көптігіне байланысты кейбір бағытта қаржының көлемі екі есеге азайды. Оған қоса, өтінімдердің орындалуы 2 жылға дейін созылып жатады. Субсидия алушыларға бағалау жүргізілмейді.
"Мұның бәрі өз қызметін субсидия алғанға дейін немесе одан кейін тоқтатқан 2,5 мыңнан астам субъектіге 5 млрд теңге субсидия төленуіне әкеп соққан. 5,4 млрд теңгеге субсидия алғандардың 3 мыңға жуығы тіпті агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері емес. Мұндай жағдайларда субсидиялаудың тиімділігі туралы айтудың өзі де қиын", - деп атап өтті палата төрағасы.
Аудит нәтижесіне сәйкес, бюджеттің 142 млрд теңгесі тиімсіз жоспарланған және пайдаланылған. Бұдан бөлек, 2 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
"Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді",-дейді Смайылов.
Оның айтуынша, 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материалда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Субсидия берілмейді: 2025 жылдан бастап фермерлер қалай қаржыландырылады
Жаңалықтар
0