Допты алғысы келген: Оралда баланы тоқ соқты

© Sputnik / Ляля ЛиловаТрансформатор
Трансформатор - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2025
Жазылу
Қазір дәрігерлер оқушының жағдайы ауыр екенін айтты
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Орал қаласында 9 жасар баланы тоқ соқты. Оқушы денесінің 95 проценті күйіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға 30 сәуір күні болған. Оқушы қосалқы станцияның төбесіне мінген. Сол кезде оны тоқ соққан. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео да тарады.
Куәгерлердің айтуынша, бала төбеде тұрып қалған допты алып, жерге лақтырып жіберген. Сол кезде оны тоқ соққан. Баланы шұғыл ауруханаға жеткізді.
"Жағдайы ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Денесінің 95 проценті күйіп қалды", - дейді дәрігерлер.
Ал полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.
Ойнап жүріп ашық сымды ұстап алған: Алматы облысында бүлдіршін қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2024
"Қазақтелеком" кабелі ескі электр сымына тиген: тоқ соққан балаға қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар
0