"Қазақтелеком" кабелі ескі электр сымына тиген: тоқ соққан балаға қатысты тың дерек шықты

© Photo : Айдана Дайырова"Ойнап жүріп ашық сымды ұстап алған": Алматы облысында бүлдіршін қайтыс болды
Ойнап жүріп ашық сымды ұстап алған: Алматы облысында бүлдіршін қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2024
Жазылу
"Қазақтелеком" компаниясы баласынан айырылған отбасыға Алматы облысы Кеген ауданынан үй алып берген
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылында 1,5 жасар баланы тоқ соқты. Бүлдіршін көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Қайғылы оқиға "Қазақтелеком" компаниясы өздерінің желілерін кескен кезде болған.
"Үйімде телефон жоқ болғандықтан, "Қазақтелеком" желісін кесіп тастасын деп өтініш жасағам. Сол кезде Қазақтелекомның кабелі шіріген электр сымына тиіп, ол үзіліп кеткен. Негізі электр сымы жалғанған. Шіріген соң жалғап қойған. Қазақтелекомның кабелі тиіп кеткенде дәл сол жерден үзілген", - дейді қайтыс болған бүлдіршіннің әкесі Нұрлан Құдайбергенов.
Шіріп тұрып үзілген электр сымы дәл Құдайбергеновтердің отбасының ауласына түскен. Осы сәтте аулада ағайынды шиеттей бес бала ойнап жүрген.
Ата-анасы жұмыста болған. Шешесі жергілікті ауруханада жұмыс істеген.
"Баламды ауруханаға алып келгенде, о дүниелік болып кетіпті, бет-ауызы көгеріп, денесі суып кеткен", - дейді Фарида Дәулетбақова.
Баланың әкесі әр жерде жалданып жұмыс істейді. Бірақ еңбекақысы төленбейді екен. Отбасының басында баспанасы да жоқ. "Қазақтелеком" компаниясы аудан орталығынан 7 жарым миллион теңгеге баспана әперіп, қомақты ақша берген.
"Басымызда баспана жоқ еді, "Қазақтелеком" үй алып берді. Үйімді көрдім, ұнады", - дейді Құдайбергеновтар отбасы.
Ал бала қайтыс болған күні жұмыс істеген "Қазақтелеком" шебері – 40 жылдық тәжірибесі бар маман, сол ауылдың тұрғыны. Зейнетке шығуына небәрі екі жылы қалған. Айыбы сол шіріген электр сымына "Қазақтелеком" кабелінің тиіп кеткені.
"Шіріген электр сымы боран соқса да үзілуі мүмкін еді. Егер басқа жағдайда солай болса бір емес, бірнеше адамды тоқ соғар ма еді, кім білсін... Біздің маман сол жерде болғандықтан, қалған бала аман қалды", - дейді компания мамандары.
Қазіргі күні баласынан айырылған отбасы компанияға еш шағымымыз жоқ дейді. Аудан орталығына көшіп, жағдайымыз түзелер деген үмітте.
"Қазаны естіп Астанадан келдік. Қандай проблема болсын шешіп, көтеріп аламыз деп уәде бергенбіз. Отбасыға баспана әпердік, қаражаттай көмек бердік. Бәрі құжат бойынша жасалды. Бүлдіршіннің қазасына Қазақтелеком компаниясының атынан көңіл айтамыз", - дейді "Қазақтелеком " АҚ бас техникалық директоры - бас директоры Самат Туғанбаев.
Бұл іске қатысты тергеу басталды. Шіріген электр сымдары экспертизаға жіберілген. Алда сот процесі болады. Бірақ компания ешкіммен сөзге келмей, отбасыға баспана әперуді ұйғардық, дейді Туғанбаев.
Жаңалықтар
0