Араб Әмірліктері Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер жасайды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Араб Әмірліктері Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер салады
Араб Әмірліктері Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер салады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2025
Жазылу
"ҚазМұнайГаз" Араб компаниясымен Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер салу туралы уағдаласты
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Араб Әмірліктері "ҚазМұнайГаз" тапсырысымен Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер жасап шығарады, деп хабарлайды Lada kz.
"ҚазМұнайГаз" Араб компаниясымен Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер жасау туралы уағдаласты.
1 мамырда Әбу-Дабиде (БАӘ) "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов AD ports Group бас директоры Мұхаммед әл Шамисимен кездесті. Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытында контейнерлік тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер салу жөнінде келіссөздер жүргізді.
"AD ports Group екі заманауи контейнерлік кемені салу туралы инвестициялық шешім қабылдады. Айта кету керек, кеменің жобасы ҚМГ және AD Ports Group – пен бірлесіп әзірленді және оның контейнерлік сыйымдылығы Каспий теңізі үшін рекордтық болады", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
ҚМГ мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық Каспий теңізі мен ашық теңіздер үшін танкер және сауда флотын дамыту, оффшорлық жобаларды қолдау үшін флот құру сияқты бағыттарды қамтиды.
Айта кетері, AD ports Group - БАӘ-дегі порт, өнеркәсіптік және логистикалық оператор. Компания Абу-Дабидің әртараптандырылған экономикасының негізгі салаларын қамтитын ірі кәсіпорындардың кең портфолиосына ие аймақтағы ең ірі холдингтердің бірі болып табылады.
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Каспий мәселесімен айналысатын институт іске қосылмаған – вице-министр себебін айтты
Жаңалықтар
0