Каспий мәселесімен айналысатын институт іске қосылмаған – вице-министр себебін айтты

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспийское море
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Ол институтты қаржыландыру мәселесі шешілмегенін атап өтті
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының не себепті іске қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазгидрометтің зерттеуіне сәйкес, Каспий теңізінің деңгейі 2050 жылға қарай төмендеу үрдісін сақтап, минус 33 метр белгісіне дейін жетуі мүмкін.
"Каспий теңізінің тарихына сүйенсек, теңіз деңгейінің минус 28,5 метрге дейін төмендеуі оның экожүйесі үшін де, теңіз шаруашылығы үшін де қауіпті шек болып саналады. Осыған байланысты Каспий теңізінің таяздану себептері мен салдарын зерттеу мақсатында 2024 жылы Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды",-деді Ошурбаев мәжілісте өткен отырыста.
2024 жылдың соңында Каспий теңізі институты экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берілді. Алайда институттың қаржыландыру мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ.
"Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қаржы министрлігіне 2025 жылға Каспий теңізі институтының жұмысын іске қосу үшін үкімет резервінен 1,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуге өтініш жолдады. Аталған мәселе бойынша үкіметтің шешімі қажет", - деп атап өтті вице-министр.
Алдын ала есепке сәйкес, институтты ұстауға – 1 млрд 44,5 млн теңге, ғимаратты жөндеуге – 48,7 млн теңге, ал негізгі құралдарды сатып алуға – 678,7 млн теңге қажет. Штат саны – 91 адам.
Жаңалықтар
0