Түркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Жазылу
Күдіктіге 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша іздеу жарияланған
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Қырғызстан 230 млн теңгені алаяқтық жолмен тапқан әйелді Қазақстанға қайтарды
Жаңалықтар
0