https://sputnik.kz/20250407/qyrgyzstan-230-mln-tengeni-alayaqtyq-zholmen-tapqan-ayeldi-qazaqstanga-qaytardy-52266072.html
Қырғызстан 230 млн теңгені алаяқтық жолмен тапқан әйелді Қазақстанға қайтарды
Қырғызстан 230 млн теңгені алаяқтық жолмен тапқан әйелді Қазақстанға қайтарды
Sputnik Қазақстан
Күдікті 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген 07.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-07T10:16+0500
2025-04-07T10:16+0500
2025-04-07T10:16+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қырғызстанда ұсталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Әйел 2023 жылдың маусымында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, осылайша банк шоттарына қол жеткізген.Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Қырғызстан 230 млн теңгені алаяқтық жолмен тапқан әйелді Қазақстанға қайтарды
Күдікті 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қырғызстанда ұсталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әйел 2023 жылдың маусымында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, осылайша банк шоттарына қол жеткізген.
Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.
Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.