https://sputnik.kz/20250430/shetelden-qaytarylgan-zansyz-aktivter-qayda-zhumsalyp-zhatyr--53017713.html
Шетелден қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр
Шетелден қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр
Sputnik Қазақстан
Шетелден қайтарылған активтердің сомасы шамамен 297,5 млрд теңге 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T19:08+0500
2025-04-30T19:08+0500
2025-04-30T19:08+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/235/88/2358842_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_94e4d388cf00654f5a750638f321e0a6.jpg
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,13 трлн теңгеден астам актив қайтарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Активтердің едәуір бөлігі шетелден қайтарылған. Мұндай активтердің сомасы шамамен 297,5 млрд теңге. Бұл Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркиядан қайтарылған ақша. Жемқорлардан тәркіленген барлық қаржы елдегі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалып жатыр. Нәтижесінде 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілді. Биыл 22 мың оқушыға арналған тағы 28 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде көпфункционалды аурухана кешені, жедел жәрдем станциялары, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, зертханалар, жабдықтау жүйелері бар. Арнайы мемлекеттік қордан әртүрлі өңірлерде 223,9 млрд теңгеге 280-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды инвестициялауға қолдау көрсетілді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250312/astanadagy-zhana-stadiondy-saluga-qaytarylgan-aktivter-esebinen-17-mlrd-bolindi-51539980.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/88/2358842_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_ff094382aff750fdf3ea808e7ffa11f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Шетелден қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр
Шетелден қайтарылған активтердің сомасы шамамен 297,5 млрд теңге
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,13 трлн теңгеден астам актив қайтарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Активтердің едәуір бөлігі шетелден қайтарылған. Мұндай активтердің сомасы шамамен 297,5 млрд теңге. Бұл Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркиядан қайтарылған ақша. Жемқорлардан тәркіленген барлық қаржы елдегі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалып жатыр.
"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" арқылы қайтарылған 153,3 млрд теңге есебінен 89 мектептің құрылысына қаржы бөлініп, 100 мыңға жуық оқушы орны жасақталды. Осы 89 мектептің 61-і (74,4 мың орын) салынып, пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық жерлерде орналасқан", - дейді ведомствоның ресми өкілі брифингте.
Нәтижесінде 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілді. Биыл 22 мың оқушыға арналған тағы 28 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.
"Ақшаның бір бөлігі ауылдық жерлердегі 7 мектепті, 2 спорт кешенін, 1 жатақхананы және 2 балабақшаны қоса алғанда, 12 нысан салуға бағытталды. Сонымен қатар, елордада Қ. Мұнайтпасова атындағы 3598 орындық жаңа стадион бой көтереді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында 105 объект салынады", - дейді сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Оның ішінде көпфункционалды аурухана кешені, жедел жәрдем станциялары, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, зертханалар, жабдықтау жүйелері бар.
Арнайы мемлекеттік қордан әртүрлі өңірлерде 223,9 млрд теңгеге 280-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды инвестициялауға қолдау көрсетілді.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.