https://sputnik.kz/20250312/astanadagy-zhana-stadiondy-saluga-qaytarylgan-aktivter-esebinen-17-mlrd-bolindi-51539980.html
Астанадағы стадионды жаңадан салуға қайтарылған активтер есебінен 17 млрд бөлінді
Астанадағы стадионды жаңадан салуға қайтарылған активтер есебінен 17 млрд бөлінді
Sputnik Қазақстан
Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген 12.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-12T09:15+0500
2025-03-12T09:15+0500
2025-03-12T09:17+0500
спорт кешені
астана
https://sputnik.kz/img/1167/28/11672882_0:158:3001:1846_1920x0_80_0_0_084ceefa406e8ba0b48a06478e6aff4b.jpg.webp
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Астанадағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қосқанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.
https://sputnik.kz/20250108/astanada-eski-stadionnyn-ornynda-salynatyn-gimarattyn-zhobasy-zhariyalandy-49834746.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1167/28/11672882_164:0:2835:2003_1920x0_80_0_0_61aa504a1d424492e87101d245ddb76e.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спорт кешені, астана
Астанадағы стадионды жаңадан салуға қайтарылған активтер есебінен 17 млрд бөлінді
09:15 12.03.2025 (жаңартылды: 09:17 12.03.2025) Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Астанадағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
"Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады", - деп жазылған хабарламада.
Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.
Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.
Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қосқанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.