Мәжіліс қосылған құн салығына қатысты өзгерістерді қабылдады

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Жазылу
Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен оған қосылған құн салығына қатысты түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16% болып белгіленді. Ал қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеудің шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін көтеріледі.
Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі. Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады.
Қосылған құн салығынан босатылатын салалар:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру, сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары;
отандық басылымдар;
баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтері.
Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатымен қосымша есепке жатқызуға қосылған құн салығы сомасы 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды.
Айта кетері, заңды мәжілістен кейін сенат депутаттары қарайды. Одан кейін президентке жіберіледі. Қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі 2026 жылдан бастап енгізіледі.
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
"Бір шешімге келдік": үкімет қосылған құн салығына қатысты ұстанымын өзгертті
Жаңалықтар
0