https://sputnik.kz/20250429/bir-sheshimge-keldik-ukimet-qosylgan-qun-salygyna-qatysty-ustanymyn-ozgertti-52967997.html
"Бір шешімге келдік": үкімет қосылған құн салығына қатысты ұстанымын өзгертті
"Бір шешімге келдік": үкімет қосылған құн салығына қатысты ұстанымын өзгертті
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін 5 процент көлемінде төмендетілген құн... 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T15:56+0500
2025-04-29T15:56+0500
2025-04-29T15:56+0500
қосымша құн салығы
https://sputnik.kz/img/1281/10/12811077_7:0:3648:2048_1920x0_80_0_0_b5b1a6ad28b67a16736569beb33bed7f.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақылы медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге қосылған құн салығын салу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Салық кодексінің соңғы нұсқасында үкімет ақылы медициналық қызметтерге 10 проценттік қосылған құн салығымен бірге 10 процент көлемінде корпоративті табыс салығын белгілеу нормасын енгізген болатын. Бұдан бөлек, дәрілік-емдеу қызметтеріне де салық салынады. Депутаттар осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, "бұл - жарым-жартылай шешім" деген пікір білдірген еді. Себебі құн салығы енгізілсе, ақылы қызметтер де, дәрі-дәрмек те қымбаттайды.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бүгін ғана үкімет бір шешімге келді.Министрдің айтуынша, жеке меншік емханалардағы палиативтік және онкологиялық көмек те құн салығынан босатылатын болады.Ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру қызметтері бұрынғыдай қалады. Осы салада қосылған құн салығы болмайды.
https://sputnik.kz/20250306/meditsina-qyzmetkerlerin-qosymsha-qun-salygynan-bosatu-usynyldy-51403177.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/10/12811077_462:0:3193:2048_1920x0_80_0_0_8c6cc34d85c33f3c0e186ada1e9c0726.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қосымша құн салығы
"Бір шешімге келдік": үкімет қосылған құн салығына қатысты ұстанымын өзгертті
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін 5 процент көлемінде төмендетілген құн салығын белгілеуге шешім қабылданды
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақылы медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге қосылған құн салығын салу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Салық кодексінің соңғы нұсқасында үкімет ақылы медициналық қызметтерге 10 проценттік қосылған құн салығымен бірге 10 процент көлемінде корпоративті табыс салығын белгілеу нормасын енгізген болатын. Бұдан бөлек, дәрілік-емдеу қызметтеріне де салық салынады. Депутаттар осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, "бұл - жарым-жартылай шешім" деген пікір
білдірген еді. Себебі құн салығы енгізілсе, ақылы қызметтер де, дәрі-дәрмек те қымбаттайды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бүгін ғана үкімет бір шешімге келді.
"Біз 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін 5 процент көлемінде төмендетілген құн салығын белгілеуге шешім қабылдадық. Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізімі жасалады. Мемлекеттік аурухана болсын, жеке меншік мекеме болсын, тізімге енген қызметтер мен дәрі-дәрмектер қосылған құн салығынан босатылады", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, жеке меншік емханалардағы палиативтік және онкологиялық көмек те құн салығынан босатылатын болады.
Ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру қызметтері бұрынғыдай қалады. Осы салада қосылған құн салығы болмайды.