Депутат қосылған құн салығы бойынша үкіметпен қандай келіспеушіліктер бар екенін айтты

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуДәрі-дәрмекті толығымен қосылған құн салығынан босату керек - Аймағамбетов
Дәрі-дәрмекті толығымен қосылған құн салығынан босату керек - Аймағамбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
10 проценттік қосылған құн салығы енгізілсе, ақылы медициналық қызметтер кем дегенде 10 процентке қымбаттауы мүмкін
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Депутат Асхат Аймағамбетов қосылған құн салығы бойынша үкіметпен қандай келіспеушіліктер бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, медицина саласына үлкен салмақ түсейін деп тұр. Себебі 10 проценттік қосылған құн салығымен бірге 10 процент көлемінде корпоративті табыс салығы белгіленіп отыр.

"Қазір үкімет мүшелері әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қосылған құн салығынан босатылады дейді. Бірақ, шынын айту керек, бұл - жарым-жартылай шешім. Қазіргі проблеманы шеше алмайды. Ал басқа аурулар бойынша мәселе ушыға түседі. Мәселен, онкология бойынша екі дәрі тегін беріледі. Бірақ бұның бәрі - дженерик. Сол себепті науқастардың көбісі мемлекет беретін дәрілерді қолданбайды. Олар түпнұсқа препаратты іздейді. Ал оған ақша керек. Сондықтан дәрі-дәрмекті толығымен қосылған құн салығынан босату керек", - деді Аймағамбетов бүгін қоғамдық палатаның отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, үкімет дәрілік-емдеу қызметтерін де қосылған құн салығынан босатқысы келмейді.

"Олар компромисске келейін деп тұрған жоқ. Сол 10 процентті қалдырамыз дейді. Меніңше, дұрыс емес. Үкімет мүшелері халықтың бәрі медициналық қызметтерді МӘМС пен кепілдендірілген тегін қызмет арқылы алады деп отыр. Ондай мәлімдемелер сын көтермейді. Қазіргі статистика халықтың 40 проценті медициналық қызмет үшін өз қалтасынан ақша төлеп жатқанын көрсетіп отыр ғой. Себебі тегін қызметті алу үшін көп уақыт кетеді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

"Ал 10 проценттік қосылған құн салығы енгізілсе, ақылы медициналық қызметтер кем дегенде 10 процентке қымбаттайды", - дейді депутат.
Айта кетері, осы аптада мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Екінші оқылымға дейін оған басқа да ұсыныстар енгізілуі мүмкін.
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Қазақстанда арнаулы салық режимдерінің үшеуі ғана қалуы мүмкін
Жаңалықтар
0