https://sputnik.kz/20250430/d-zhane-e-sanaty-bolady-ministr-1-mln-adamga-qanday-zhenildik-beriletinin-aytty-52998689.html
"Д және Е санаты болады": министр 1 млн адамға қандай жеңілдік берілетінін айтты
"Д және Е санаты болады": министр 1 млн адамға қандай жеңілдік берілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Министрлік осы санатқа кіретін тұлғаларды анықтау механизмін пысықтады 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T12:08+0500
2025-04-30T12:08+0500
2025-04-30T12:51+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/743/25/7432581_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_e537647b90912f493a7b3e42321c979b.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ресми түрде жұмыссыз адам ретінде тіркелген қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру жарнасын әкімдіктер төлейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осының арқасында 2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша 1 миллионнан астам адам қамтылмақ. Олардың барлығы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алады.Министрлік осы санаттағы тұлғаларды анықтау, сақтандырылған мәртебесін беру және сақтандыру жарналарын төлеу механизмін пысықтады."Сақтандыру мәртебесін алуға құқылы және медициналық қызмет алған адамдардың тізілімдерін ақпараттық жүйелерде анықтау үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қор және жергілікті атқарушы органдарменмен бірлесіп жұмыс атқарылды",-деп атап өтті министр.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда шамамен 16,7 млн (82,3 %) адам сақтандырылған. Ал 3,3 млн адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Соның ішінде 2,4 млн адамның өмір сүру деңгейі қанағаттанарлық болса, 1 млн адам отбасының базалық қажеттілігін әрең жауып жүр.Бүгін мәжіліс депутаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты өзгерістерді бірінші оқылымда қабылдады.
https://sputnik.kz/20250430/mindetti-aleumettik-meditsinalyq-saqtandyru-zhuyesi-ozgeredi-52997657.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/743/25/7432581_0:0:1249:937_1920x0_80_0_0_822a9557624da2a12431cafd8edf4295.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
"Д және Е санаты болады": министр 1 млн адамға қандай жеңілдік берілетінін айтты
12:08 30.04.2025 (жаңартылды: 12:51 30.04.2025) Министрлік осы санатқа кіретін тұлғаларды анықтау механизмін пысықтады
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ресми түрде жұмыссыз адам ретінде тіркелген қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру жарнасын әкімдіктер төлейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осының арқасында 2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша 1 миллионнан астам адам қамтылмақ. Олардың барлығы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алады.
"Әкімдіктердің төлеміне қарамастан, қор тарапынан Д және Е санаттарындағы (әлеуметтік қамсыздандырудың дағдарыс және төтенше деңгейлері) тұлғаларға ай сайын сақтандырылған мәртебе беріледі. Осы тұлғалар үшін әкімдіктердің төлемі медициналық көмекке жүгінген сәттен бастап және жыл соңына дейін жүзеге асырылады", - деді Әлназарова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Министрлік осы санаттағы тұлғаларды анықтау, сақтандырылған мәртебесін беру және сақтандыру жарналарын төлеу механизмін пысықтады.
"Сақтандыру мәртебесін алуға құқылы және медициналық қызмет алған адамдардың тізілімдерін ақпараттық жүйелерде анықтау үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қор және жергілікті атқарушы органдарменмен бірлесіп жұмыс атқарылды",-деп атап өтті министр.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда шамамен 16,7 млн (82,3 %) адам сақтандырылған. Ал 3,3 млн адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Соның ішінде 2,4 млн адамның өмір сүру деңгейі қанағаттанарлық болса, 1 млн адам отбасының базалық қажеттілігін әрең жауып жүр.
Бүгін мәжіліс депутаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты өзгерістерді бірінші оқылымда қабылдады.