Қазақстанда құрылысты бақылау үшін ғимараттардың 3D-моделі енгізіледі
© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстанда құрылысты бақылау үшін ғимараттардың 3D-моделі енгізіледі

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Жаңа технология қабырғаларды, құбырларды және жабдықты егжей-тегжейлі көрсетеді
АСТАНА, 29 сәуір - Sputnik. Қазақстанда BIM жаңа технологиясы енгізіледі. Бұл - құрылыстың барлық кезеңдерін бақылайтын ғимараттардың 3D-моделі.
Модель қабырғаларды, құбырларды және жабдықты егжей-тегжейлі көрсетеді. Бұл қателікті алдын-ала анықтап, дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. BIM өзекті деректермен қоса, жобалау және құрылыс құжаттамасын бірыңғай цифрлық модельге біріктіреді.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаДмитрий Мун - цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Дмитрий Мун - цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Жаңа технологияның артықшылықтарын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтты. Нәтижесінде:
жобалау және құрылыс мерзімі 25% дейін қысқарады;
құрылыс шығындары 10% немесе одан да көп төмендейді;
ғимараттарды пайдалану шығындары 15%-ке азаяды.
Шағын ғимараттар: сарайлар, ашық асүйлер, моншалар, сондай-ақ беседкалар және басқа да нысандар бұзу реинжинирингі де қарастырылған.
"Біз мұндай нысандарды бұзуға жеке рұқсат талап етпеуді, оны қарапайым хабарламамен ауыстыруды ұсынамыз. Егер қазір бұл үшін кабинеттерге жеке бару қажет болса, онда біз бұл процесті "мемлекеттік қала құрылысы кадастры" жүйесі арқылы толығымен автоматтандырғымыз келеді. Нәтижесінде бұл қызметі алу саны 87%, ал құжаттар саны 86%-ке азаяды", - деді Мун.
Құрылыста цифрлық шешімдерді енгізу - бұл жобаларды іске асыру мерзімдерін едәуір қысқартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді, деді премьер Бектенов.
"Нысандарды үш өлшемді модельдеу, цифрлық қала құрылысы кадастрлары, жобаларды үйлестірудің электрондық платформалары және картография жүйелерімен интеграция сияқты технологиялар құрылыс саласында нормаға айналуда", — дейді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ ол цифрлық құралдарды қазақстандық тәжірибеде қолдануға баса назар аударды. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылымның 90%-тен астамы цифрландырылған. Рұқсат құжаттамасын беру және жобаларды келісу мемлекеттік қызметтері автоматтандырылды.
Құрылысты бақылау үшін бірыңғай порталды іске қосу жоспарлануда. Ол жұмыстың жоспарлау, жобалау және нысанды салу сияқты барлық кезеңдерін қамтитын болады. Қазіргі уақытта жүйе 89 қаланың құрылыс жобалары мен инженерлік инфрақұрылымның 92,4%-ін қамтиды.