Қазақстанда құрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстанда құрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады
Қазақстанда құрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Жазылу
Портал құрылыстың барлық кезеңдерін - жоспарлау, жобалау және нысанды салу процесін бақылауға көмектеседі
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанда құрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Портал құрылыстың барлық кезеңдерін - жоспарлау, жобалау және нысанды салу процесін бақылауға көмектеседі. Әрбір нысанға арнайы нөмір беріледі.
“Қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықтады. Бұл шара құжаттардан бастап нысанды пайдалануға енгізілгенге дейінгі нысаналы мақсатқа сәйкестігін түпкілікті тексеруді қамтамасыз етеді”,— деді Қажкенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал премьер-министр Олжас Бектенов құрылыста цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу қажеттігін жеткізді.
“Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осы салада цифрлық шешімдерді енгізу құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдерін едәуір қысқартуға, шығындарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді”, - деді Бектенов.
Құүрылыс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Қазақстан құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша ЕАЭО-да көш бастап тұр
Жаңалықтар
0