Қазақстан АҚШ-пен жоғары тарифтерді енгізбеу туралы келіссөз жүргізеді - сауда министрлігі

Серік Ашитов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Жазылу
Ведомствода Трамп енгізген шаралардың әсері туралы түсініктеме берілді
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. АҚШ қабылдаған шаралар Қазақстаннан Америкаға жөнелтілетін экспорттың 4,8% ғана әсер етеді. Бұл туралы СИМ сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары Серік Ашитов айтып берді.
Оның айтуынша отандық экспорттың шамамен 90% құрайтын мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар сияқты негізгі экспорттық баптарға бұл әсер етпейді.

"9 сәуірде АҚШ жоғары тарифтерді 90 күнге тоқтатқанын жариялады. Қазіргі кезде ел үкіметі АҚШ-пен елімізге қатысты жоғары тарифті енгізбеу бойынша консультацияларды бастады", - деді Ашитов.

Оның айтуынша, бұл мәселенің салдарын азайту үшін жоғары тарифтер мәселесі дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты сауда алаңдарында қарастырылады.
"Бүгінгі таңда бұл шаралар Қазақстанның экспортына айтарлықтай әсер етеді деп айтуға негіз жоқ. Соған қарамастан үкімет пен сауда және интеграция министрлігі осындай біржақты шаралардың салдарын азайту және сауда қатынастарын нығайту үшін америкалық әріптестермен жұмысты жалғастырады" - деді сауда министрлігінің өкілі.
Мемлекет басшысы ғалымдарды кәсіби мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Тоқаев "тариф майданы" жайлы: Дүрлігуге себеп жоқ
Жаңалықтар
0