Тоқаев "тариф майданы" жайлы: Дүрлігуге себеп жоқ

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы ғалымдарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы ғалымдарды кәсіби мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Көптеген сарапшы дүние жүзі кейінгі ондаған жылда болмаған ең ауыр дағдарыстың табалдырығында тұрғанын айтты, деді президент
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Мемлекет басшысы Ғылым күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
"Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек", – деді президент.
Тоқаев қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым болса, олардың жартысы 40 жасқа толмаған мамандар екенін айтты. Бұл елімізде ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетеді, деді президент.
Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемдік ахуалға тоқталды.

"Көптеген сарапшы дүние жүзі кейінгі ондаған жылда болмаған ең ауыр дағдарыстың табалдырығында тұрғанын мәлімдеді. Алпауыт мемлекеттер бір-біріне қарсы "тариф майданын" ашқан соң өндіріс пен сауда тізбегінің бұзылғаны, нарықтардың құлдырап, шикізат бағамының тұрақсыздана бастағаны байқалады. Бұл барлық елге, соның ішінде Қазақстанға әсер ететіні сөзсіз", - деді Тоқаев.

Ол қазір жоғары тарифтер енгізуге 90 күндік мораторий жарияланғанымен, нарықтағы жағдай өте тұрақсыз екенін еске салды. Сондықтан үкімет экономикалық дүрбелеңнің Қазақстан экономикасына тигізетін салдарын жоюмен айналысып жатыр.
"Алайда дүрлігуге себеп жоқ екеніне сенімдімін. Біз сын-қатерлердің бәрін әрдайым өзіміздің басым бағыттарымызды басшылыққа ала отырып еңсеріп келеміз. Сыртқы қолайсыз факторлардың ықпалына қарамастан дамудың даңғыл жолын жалғастыра береміз. Негізгі инфрақұрылымдық жобалар мен басқа да бастамалар толығымен орындалады", – деді мемлекет басшысы.
Парасат ордені - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Тоқаев жарлығымен ғалымдар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Жаңалықтар
0