https://sputnik.kz/20250429/inemen-emdeu-men-khidzhama-ukimet-dasturli-emes-meditsinany-zandastyruga-kiristi-52975784.html
Инемен емдеу мен хиджама: үкімет дәстүрлі емес медицинаны заңдастыруға кірісті
Инемен емдеу мен хиджама: үкімет дәстүрлі емес медицинаны заңдастыруға кірісті
Sputnik Қазақстан
Заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T17:50+0500
2025-04-29T17:50+0500
2025-04-29T17:50+0500
хиджама
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1d/52975561_0:6:720:411_1920x0_80_0_0_ba5415666fdfeb8c23f4f03a7e390d1c.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі емес медицина бойынша лицензия беру тәртібін әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, парламент тарапынан дәстүрлі емес медицина бойынша лицензия беру мәселесіне қатысты сауал түсті. Қазіргі кезде мамандар осы мәселені зерделеп жатыр.Дәстүрлі емес медицинаға фитотерапия, гомеопатия, акупунктура, гирудотерапия, хиджама, инемен емдеу, аюрведа, остеопатия, тибет және қытай медицинасы кіреді.Айта кетері, 2023 жылы жаңа туған нәрестеге хиджама жасаған орталықтың видеосы халықтың ашуын туғызды. Орталық маманы сәбидің маңдайын тіліп, қан шығарған. Медбикенің лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Сол кезде министрлік тексеріс өткізіп, нәтижесін жариялаған болатын.
https://sputnik.kz/20230210/atyrauda-narestege-khidzhama-zhasaldy-ministrlik-tekseristin-natizhesin-zhariyalady-31987245.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1d/52975561_47:0:687:480_1920x0_80_0_0_1bc4174563b23989d73bb93d4cee976d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хиджама
Инемен емдеу мен хиджама: үкімет дәстүрлі емес медицинаны заңдастыруға кірісті
Заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі емес медицина бойынша лицензия беру тәртібін әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, парламент тарапынан дәстүрлі емес медицина бойынша лицензия беру мәселесіне қатысты сауал түсті. Қазіргі кезде мамандар осы мәселені зерделеп жатыр.
"Біз депутаттық сауалды алдық. Қазір қажетті нормаларды әзірлейміз. Осы саладағы қарым-қатынастарды заңды түрде реттеу керек, лицензия беруді енгізу қажет. Негізі бұған дейін бұл мәселе бірнеше рет көтерілген. Жақын арада біз тиісті заңға енгізілетін түзетулерді әзірлейміз деп ойлаймын. Сөйтіп заңнамаға енгіземіз", - деді Жүсіпов үкіметте өткен брифингте.
Дәстүрлі емес медицинаға фитотерапия, гомеопатия, акупунктура, гирудотерапия, хиджама, инемен емдеу, аюрведа, остеопатия, тибет және қытай медицинасы кіреді.
Айта кетері, 2023 жылы жаңа туған нәрестеге хиджама жасаған орталықтың видеосы халықтың ашуын туғызды. Орталық маманы сәбидің маңдайын тіліп, қан шығарған. Медбикенің лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Сол кезде министрлік тексеріс өткізіп, нәтижесін жариялаған болатын.