https://sputnik.kz/20230210/atyrauda-narestege-khidzhama-zhasaldy-ministrlik-tekseristin-natizhesin-zhariyalady-31987245.html
Атырауда сәбиге хиджама жасады – министрлік тексеріс нәтижесін жариялады
Атырауда сәбиге хиджама жасады – министрлік тексеріс нәтижесін жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды... 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T20:51+0500
2023-02-10T20:51+0500
2023-02-10T20:51+0500
өңірлер
атырау
сәби
хиджама
https://sputnik.kz/img/806/21/8062150_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_1753355dfec2f5f05d225e6da2c8309b.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметниязованың айтуынша, хиджама орталығында заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі анықталды. "Хиджаманың медбике жасаған. Оның тиісті лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Тексерістің нәтижесі бойынша айыппұл салынды. Қазіргі кезде барлық материал прокуратураға және полиция департаментіне жіберілді. Сондай-ақ, біз ол материалдарды ювеналды полицияға беруді жоспарлап отырмыз", - деді Ахметниязова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, дәстүрлі емес медицинаның кейбір қызметтеріне рұқсат бар. Бірақ хиджама ол тізімге кірмейді. Қазақстанда оған лицензия берілмейді. Сол себепті орталыққа медициналық қызметі үшін айыппұл салынды. Қазір комитет аймақтық департаментпен бірге сотқа арыз түсіруге дайындалып жатыр. "Біз орталықтың дәл осы қызметіне тыйым салуды талап етеміз", - деп атап көрсетті Ахметниязова. Айта кетері, қаңтардың соңында әлеуметтік желіде нәрестеге хиджама жасаған видео тарады. Әлеуметтік желіде сәбидің өміріне алаңдаған халық шулап кетті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
https://sputnik.kz/20230126/sabige-khidzhama-zhasady-ministr-video-tusinikteme-31481063.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/806/21/8062150_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_71441beca6524fecad48e2e9f54f44fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, сәби, хиджама
Атырауда сәбиге хиджама жасады – министрлік тексеріс нәтижесін жариялады
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметниязованың айтуынша, хиджама орталығында заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі анықталды.
"Хиджаманың медбике жасаған. Оның тиісті лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Тексерістің нәтижесі бойынша айыппұл салынды. Қазіргі кезде барлық материал прокуратураға және полиция департаментіне жіберілді. Сондай-ақ, біз ол материалдарды ювеналды полицияға беруді жоспарлап отырмыз", - деді Ахметниязова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, дәстүрлі емес медицинаның кейбір қызметтеріне рұқсат бар. Бірақ хиджама ол тізімге кірмейді. Қазақстанда оған лицензия берілмейді. Сол себепті орталыққа медициналық қызметі үшін айыппұл салынды. Қазір комитет аймақтық департаментпен бірге сотқа арыз түсіруге дайындалып жатыр.
"Біз орталықтың дәл осы қызметіне тыйым салуды талап етеміз", - деп атап көрсетті Ахметниязова.
Айта кетері, қаңтардың соңында әлеуметтік желіде нәрестеге хиджама жасаған видео тарады. Әлеуметтік желіде сәбидің өміріне алаңдаған халық шулап кетті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.