ЕЭК пен Египет бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК пен Египет бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Жазылу
Құжат саясат бәскелестігі саласындағы бірлескен жұмысқа бағытталған
АСТАНА, 29 сәуір-Sputnik. Каирде ЕЭК пен Египет бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович Египетте жұмыс сапарымен болды.
"Құжат әріптестікті нығайту мақсатында бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу саласындағы бірлескен жұмысқа бағытталған", - деп хабарлады ЕЭК.
Меморандум ынтымақтастықты жүзеге асырудың нақты формасын қамтиды, оның ішінде:
бәсекелестік ережелерін бұзушылықтарды тергеу, тауар нарығын зерттеу тәжірибесімен алмасу;
ЕЭК және Египет бәсекелестік ведомствосы өткізетін бірлескен іс-шараларға қатысу;
бірлескен кездесулер, консультациялар, тақырыптық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.
"Біз бұған дейін Египетпен тәжірибелік диалог құрдық, оны бүгін ресми түрде қолдадық. Комиссияның нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту үшін меморандумда баяндалған ережелерді тиімді іске асыруға дайын екендігін растағым келеді", - деді Ермолович.
Мұндай серіктестік - біздің елдерімізде адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің кілті, деп атап өтті министр.
"Египеттің бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясында сөз сөйлеген Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Египетпен бәсекелестік саласындағы ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба ЕЭК"Египеттің бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясы

"Египеттің бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясы
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Ол сондай-ақ елдің осы саладағы негізгі жетістіктеріне тоқталып, Египеттің африкалық аймақтағы бәсекелестік серіктестікті дамытудағы көшбасшылардың бірі ретіндегі рөлін атап өтті.
"Біз Мысырдағы әріптестеріміздің жетістіктерін жоғары бағалаймыз және бәсекелестік саласында заң шығару мен құқық қолданудың бірегей тәжірибесін тарату және енгізу мүмкіндігін қарастыруға немесе кеңейтуге мүдделіміз", – деп атап өтті Максим Ермолович.
© Photo : Пресс-служба ЕЭК"Египеттің бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясы

"Египеттің бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясы
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
ЕЭК министрі Египетпен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына, нақты айтқанда, заңнамалық жаңалықтармен алмасу, бәсекелестіктің бұзылуына тергеу жүргізу тәжірибесі, тауар нарықтарын зерттеу, оның ішінде секторлық талдау жүргізу, сондай-ақ биржалық сауда-саттыққа баса назар аударады.