Қазақстан үшін ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда келісімінен пайда көп - ЕЭК

Қазақстан-Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Республика 15 мамырдан бастап Иранға астықты баж салығынсыз жеткізе алады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда келісімінен пайда көреді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Бұл экспорттық баж салығынсыз жылына 3 миллион тоннаға дейін бидай және қосымша шығынсыз 1,5 миллион тонна арпа жеткізу мүмкіндігі.
"Қазақстан үшін бұл Иран нарығына қолжетімділікті кеңейту ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы экспортындағы позициясын нығайтудың стратегиялық мүмкіндігі. Келісім логистикалық және тарифтік кедергілерді азайтады, бұл сауда тізбегіндегі қазіргі жаһандық өзгерістер аясында әсіресе маңызды болып отыр", - деп хабарлады ЕЭК.
Яғни, Қазақстан 2025 жылдың 15 мамырынан бастап Иранға астықты баж салығынсыз жеткізе алады. Еркін сауда туралы келісімді жүзеге асыру жақын болашақта өзара тауар айналымын рекордтық 12 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі көлемнің шамамен екі еселенгенін білдіреді.
ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім тауарлардың 85%-дан астамына, атап айтқанда, дәнді дақылдарға импорттық кедендік баж салығын алып тастауды қарастырады.
Иран сондай-ақ жүгері, қарақұмық, шоколад, күнбағыс майы, болат, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникаларына кедендік баж салығын алып тастайды.
ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2% ға ұлғайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
ЕАЭО елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2%-ке ұлғайды
Жаңалықтар
0