Солтүстік Қазақстандағы Большая Малышка ауылында бұзылған бөгеттерді қайта бекітіп жатыр

© Photo : Ұлттық ҰланСолтүстік Қазақстандағы Большая Малышка ауылында бөгет бекіту жұмыстары
Солтүстік Қазақстандағы Большая Малышка ауылында бөгет бекіту жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Апат салдарын жоюға 100-ден астам әскери қызметші тартылды
АСТАНА, 28 сәуір - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылы маңында Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғызылған бөгетке зақым келді. Ішкі істер министрлігінің әскери қызметшілері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары апат салдарын жою жұмыстарына тартылды.
© Photo : Ұлттық ҰланСолтүстік Қазақстандағы Большая Малышка ауылында бөгетті бекіту жұмыстары
Солтүстік Қазақстандағы Большая малышка селосында бөгетті бекіту жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Солтүстік Қазақстандағы Большая Малышка ауылында бөгетті бекіту жұмыстары
ІІМ ұлттық ұланының 6637 әскери бөлімінің 100-ден астам әскери қызметшісі төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесе отырып, бөгетті бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Табиғи апаттың алдын алу үшін 500-ден астам инертті материал салынған қаптар дайындалды. Олар жайылған суды бөгеу үшін қолданылуда.
"Бұл учаскеде әскери қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ұландықтар жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл әрекет етіп, елді мекен мен жергілікті тұрғындардың мүлкін қорғау шараларын қабылдауда. Бөгетті бекіту жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Тепличное ауылында ұзындығы шамамен 2 шақырым болатын бөгетті нығайту үшін 1000-нан астам Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылған болатын.
Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр
Жаңалықтар
0