https://sputnik.kz/20250428/sherzattyn-isi-boyynsha-sot-adamdarga-oq-zhaudyrgan-kim-52928144.html
Шерзаттың ісі бойынша сот: адамдарға оқ жаудырған кім
Шерзаттың ісі бойынша сот: адамдарға оқ жаудырған кім
Sputnik Қазақстан
Куәгердің айтуынша мылтық ұстаған адам 2-3 рет оқ атқан 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T11:55+0500
2025-04-28T11:55+0500
2025-04-28T13:09+0500
шерзат полат
куәгерлер
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52364281_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d9d157beec32e02739a5b58d2ea4dd63.jpg
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Куәгер Эльмира Нұрбекова Шерзат қаза болған күні мылтықты кім алып шыққанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Нұрбекова мылтықтан 2-3 рет оқ атқан адамды фотосуретіне қарап таныған.Оның айтуынша, мылтықтан оқ жаудырған Шерзаттың ағасы – Нұрғанат Ғайыпбаев. Төбелес болған күні бір әйел ұялы телефонын шығарып, бейнежазбаға түсіріп жүрген."Орамал таққан әйел оқиғаны бейнежазбаға түсіріп жүрді. Бір жерден көрген сияқтымын деп ойладым, кейіннен қайтыс болған баланың апасы екені есіме түсті", - дейді куәгер.Оның айтуынша, мылтық ұстаған адам 2-3 рет оқ атқан. Айта кетері, Эльмира Нұрбекова – оқиға болған күні төбелескендермен бірге дәмханада отырған екі қыздың бірі."Бірнеше адам жабылып біреуді ұрып жатқанын көрдім. Жүгіріп барып "қойыңдар" деп бір жігіттің күрткесінен артқа тарттым. Сол кезде жерде соққы жеп жатқан сұр күрте, қара шалбар киген баланың бетін көріп қалдым. Ол қимылсыз, дыбысы шықпай жатты. Бұрын-соңды мұндай жайтты басымнан кешпеген едім, мен қатты шошып кетіп, дымым шықпай қалды. Бір уақытта қолымнан біреу сүйрей бастады, кім екені есімде жоқ", - дейді Нұрбекова.Куәгер сотталушы Абзалдың да сол жатқан адамды қалай ұрғанын айтып берді. Ол жалпы төбелесті толық сипаттап айта алмайтынын, әйелдер шулап келгенде ғана мән бере бастағанын айтты.
https://sputnik.kz/20250428/satushy-shygyndar-atamyn-dedi-sherzattyn-isine-qatysty-sotta-kuagerdin-zhauaby-korsetildi-52927104.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52364281_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3cfd6878afc57b937b0cfcfea671863c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шерзат полат , куәгерлер
Шерзаттың ісі бойынша сот: адамдарға оқ жаудырған кім
11:55 28.04.2025 (жаңартылды: 13:09 28.04.2025) Куәгердің айтуынша мылтық ұстаған адам 2-3 рет оқ атқан
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Куәгер Эльмира Нұрбекова Шерзат қаза болған күні мылтықты кім алып шыққанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Нұрбекова мылтықтан 2-3 рет оқ атқан адамды фотосуретіне қарап таныған.
"Мен адамның есімін есте сақтай алмаймын, ал көрген адамымды бірден танимын. Сол адаммен бетпе-бет кездестірді, сол кезде де таныдым. Мылтық алып шығып атқан адам – жәбірленуші марқұм Шерзат Полаттың ағасы", - дейді куәгер Эльмира Нұрбекова.
Оның айтуынша, мылтықтан оқ жаудырған Шерзаттың ағасы – Нұрғанат Ғайыпбаев.
Төбелес болған күні бір әйел ұялы телефонын шығарып, бейнежазбаға түсіріп жүрген.
"Орамал таққан әйел оқиғаны бейнежазбаға түсіріп жүрді. Бір жерден көрген сияқтымын деп ойладым, кейіннен қайтыс болған баланың апасы екені есіме түсті", - дейді куәгер.
Оның айтуынша, мылтық ұстаған адам 2-3 рет оқ атқан.
"Мен бұл кезде ешкімнің қолынан пышақ көрмедім. Абзалдың ұрғанын көрдім, бірақ пышақ болды ма, жоқ па білмеймін", - дейді куәгер Нұрбекова.
Айта кетері, Эльмира Нұрбекова – оқиға болған күні төбелескендермен бірге дәмханада отырған екі қыздың бірі.
"Бірнеше адам жабылып біреуді ұрып жатқанын көрдім. Жүгіріп барып "қойыңдар" деп бір жігіттің күрткесінен артқа тарттым. Сол кезде жерде соққы жеп жатқан сұр күрте, қара шалбар киген баланың бетін көріп қалдым. Ол қимылсыз, дыбысы шықпай жатты. Бұрын-соңды мұндай жайтты басымнан кешпеген едім, мен қатты шошып кетіп, дымым шықпай қалды. Бір уақытта қолымнан біреу сүйрей бастады, кім екені есімде жоқ", - дейді Нұрбекова.
Куәгер сотталушы Абзалдың да сол жатқан адамды қалай ұрғанын айтып берді. Ол жалпы төбелесті толық сипаттап айта алмайтынын, әйелдер шулап келгенде ғана мән бере бастағанын айтты.