https://sputnik.kz/20250428/putin-zhenistin-80-zhyldygyn-merekeleu-kunderi-atysty-toqtatatynyn-malimdedi-52945968.html
Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді
Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
7 мамырдан 8-іне қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап, 10 мамырдан 11-іне қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін барлық әскери операция тоқтатылады 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T16:28+0500
2025-04-28T16:28+0500
2025-04-28T19:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0e/51611423_0:0:3156:1776_1920x0_80_0_0_4e002bf485dbc9477f71459b1914866e.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Жеңістің 80 жылдығында атысты тоқтататыны туралы жариялады, деп хабарлады Кремль.Ресей Украина тарапы осыдан үлгі алуы керек деп есептейді.Украина жағы атысты тоқтату режимін бұзған жағдайда Ресейдің Қарулы Күштері тиісті жауап қайтарады.Ресей тарапы Украина дағдарысының түпкі себептерін жоюға және халықаралық серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бағытталған алғышартсыз бейбіт келіссөздерге дайын екенін тағы да мәлімдейді.
https://sputnik.kz/20250425/resey-prezidenti-vladimir-putin-men-aqsh-prezidentinin-arnayy-okili-stiv-uitkoff-kezdesti-52867930.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0e/51611423_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_776716def1429ec75193097c827bc7a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді
16:28 28.04.2025 (жаңартылды: 19:20 28.04.2025) 7 мамырдан 8-іне қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап, 10 мамырдан 11-іне қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін барлық әскери операция тоқтатылады
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Жеңістің 80 жылдығында атысты тоқтататыны туралы жариялады, деп хабарлады Кремль.
"Ресей Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен гуманитарлық ойларға сүйене отырып, Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері 7 мамырдан 8-іне қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап, 10 мамырдан 11-іне қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін Ресей тарапы атысты тоқтататынын жариялайды. Осы кезеңде барлық әскери операция тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Ресей Украина тарапы осыдан үлгі алуы керек деп есептейді.
Украина жағы атысты тоқтату режимін бұзған жағдайда Ресейдің Қарулы Күштері тиісті жауап қайтарады.
Ресей тарапы Украина дағдарысының түпкі себептерін жоюға және халықаралық серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бағытталған алғышартсыз бейбіт келіссөздерге дайын екенін тағы да мәлімдейді.