Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Трамптың арнайы өкілімен кездесуде Украина мәселесін талқылады

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф кездесті
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Путин мен Уиткофф жұма күні Кремльде кездесті
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың кездесуі Ресей мен АҚШ-тың Украинаға қатысты ғана емес, басқа да халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарын одан әрі жақындастыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл әңгіме (Путин мен Уиткофф арасындағы - ред.) Украинаға қатысты ғана емес, сонымен қатар басқа да бірқатар халықаралық мәселелер бойынша Ресей мен АҚШ ұстанымдарын одан әрі жақындатуға мүмкіндік берді", - деді Ушаков журналистерге.
Ол Ресей мен АҚШ арасындағы нәтижелі диалогтың барынша белсенді режимде жалғасатынын айтты.
Путин мен Уиткоффтың кездесуі жұма күні Кремльде өтті. Ресей тарапынан президенттің көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев те қатысты.
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Лавров Ресейдің Украина бойынша мәмілеге дайын екенін мәлімдеді
Жаңалықтар
0