Білім

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.
216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. Ал 2024 жылы – 186 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мың өтініш беріпті.
ҰБТ-ға өтініш берушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 16,5%-ы "Математика-Физика", 15,6%-ы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын таңдады. 9,7%-ы "Математика-Информатика" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 285 адам тапсыруды жоспарлап отыр.
Еске сала кетсек, ҰБТ-ға қатысу үшін талапкерлер Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы өтініш берген. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Шекті балл өзгеріссіз қалды: "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" үшін кемінде 70 балл жинау қажет; ұлттық ЖОО-ға түсу үшін кемінде 65 балл, басқа ЖОО-ға түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет.
2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Алматы облысында ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
Жаңалықтар
0