Алматы облысында ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алматы облысында ауыл мектебінің биылғы түлегі Санжар Қуандық ҰБТ-дан ең жоғары 140 балды жинады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінде оқиды.
"Бұл – үлкен еңбектің, талмас ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болсын, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол", – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Толқын орта мектебінің ұжымы да шәкіртінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
ҰБТ: 121 адамның тест нәтижесі жойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Наурыздағы ҰБТ: 121 адамның тест нәтижесі жойылды
Жаңалықтар
0