https://sputnik.kz/20250326/ubt-121-adamnyn-test-natizhesi-zhoyyldy-51933012.html
Наурыздағы ҰБТ: 121 адамның тест нәтижесі жойылды
Наурыздағы ҰБТ: 121 адамның тест нәтижесі жойылды
Sputnik Қазақстан
Ең жоғары балл – 139, оны 2 талапкер жинаған 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T17:46+0500
2025-03-26T17:46+0500
2025-03-26T18:03+0500
ұбт
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958281_0:116:3230:1933_1920x0_80_0_0_17a845847bfde0500e1fde0603dfdd30.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Наурыз айында 88 мыңға жуық талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі. 72%-ке жуық талапкер шекті балл жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл - 65, талапкер бес пән бойынша бағын сынайды. Ең жоғары балл – 139, оны Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинаған. Талапкерлер пән таңдаудағы бөлінісі мынандай:Биыл ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін 232 талапкер ҰБТ тапсырды. ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбалары тексеріледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады. Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.
https://sputnik.kz/20250317/nauryz-ayyndagy-ubt-da-almatylyq-oqushy-en-zhogary-ball-zhinady-51679532.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958281_250:0:2981:2048_1920x0_80_0_0_3a8a12820b2d9be878565c63fe24486b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, талапкерлер
Наурыздағы ҰБТ: 121 адамның тест нәтижесі жойылды
17:46 26.03.2025 (жаңартылды: 18:03 26.03.2025) Ең жоғары балл – 139, оны 2 талапкер жинаған
АСТАНА, 26 наурыз –
Sputnik. Наурыз айында 88 мыңға жуық талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, деп
хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
72%-ке жуық талапкер шекті балл жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл - 65, талапкер бес пән бойынша бағын сынайды. Ең жоғары балл – 139, оны Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинаған.
ағылшын тілінде 100 адам тест тапсырды.
Талапкерлер пән таңдаудағы бөлінісі мынандай:
математика-физика пәндері - 18,1%;
биология-химия пәндері - 14,8%;
шығармашылық емтихан - 12,6%;
химия-физика пәндерін 105 адам таңдаған.
Биыл ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін 232 талапкер ҰБТ тапсырды.
"121 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 43 талапкер смартфон және "шпаргалка" сияқты тыйым салынған заттарды алып кірген. Сондай-ақ тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды, ал 23 адамның сертификаты тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды", - дейді министрліктегілер.
ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбалары тексеріледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.