https://sputnik.kz/20250428/abay-oblysynda-zansyz-qum-ondirisimen-aynalysqan-kasipkerler-anyqtaldy-52925981.html
Абай облысында заңсыз құм өндірісімен айналысқан кәсіпкерлер анықталды
Абай облысында заңсыз құм өндірісімен айналысқан кәсіпкерлер анықталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер заңсыз 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T11:35+0500
2025-04-28T11:35+0500
2025-04-28T11:35+0500
абай облысы
https://sputnik.kz/img/old/918/97/9189797_0:165:3055:1883_1920x0_80_0_0_b71452676d61ac4529480b7f7a02e46d.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ведомство. Күдіктілер 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер заңсыз 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Құмды құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы өткізген. Заңсыз сатылымнан түскен табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер түскен қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан. Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар. Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
https://sputnik.kz/20250424/qazaqstanda-quramynda-altyn-bar-kendi-zansyz-ondirgen-5-kasiporynnyn-zhumysy-toqtatyldy-52822050.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/97/9189797_163:0:2894:2048_1920x0_80_0_0_38f03ed60d0fd0ff5fbd11c747219c53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы
Абай облысында заңсыз құм өндірісімен айналысқан кәсіпкерлер анықталды
Күдіктілер заңсыз 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп
хабарлайды ведомство.
Күдіктілер 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер заңсыз 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Құмды құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы өткізген. Заңсыз сатылымнан түскен табыс 150 миллион теңгеден асты.
Күдіктілер түскен қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.
Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.