https://sputnik.kz/20250427/soltustik-qazaqstanda-birneshe-auyldy-su-basu-qaupi-bar-52914056.html
Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылды су басу қаупі бар
Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылды су басу қаупі бар
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданындағы су тасқыны бойынша жағдайға қатысты соңғы ақпаратты... 27.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-27T15:57+0500
2025-04-27T15:57+0500
2025-04-27T15:57+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695794_13:0:1268:706_1920x0_80_0_0_854f0a543dd35a294a3d6be06b524b89.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданындағы су тасқыны бойынша жағдайға қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарын су басу қаупі бар. Бүгінде елді мекендерге суды жібермеу мақсатында қорғаныс белдеуін күшейту жұмыстары атқарылып жатыр.Қазіргі кезде барлығы 1087 адам және 126 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары қолға алынды. Қазіргі кезде тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы жағдай жіті бақыланып отыр.Айта кетері, бұған дейін Тепличное аулының тұрғындары эвакуацияланған болатын. Олар үшін Бескөл ауылында және Петропавл қаласында эвакуациялық пункттер ашылды.
https://sputnik.kz/20250425/soltustik-qazaqstanda-teplichnoe-auyly-turgyndaryn-evakuatsiyalau-turaly-sheshim-qabyldandy--52859062.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695794_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_0b36abd89e102e4b9c758b45b6f261c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылды су басу қаупі бар
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданындағы су тасқыны бойынша жағдайға қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарын су басу қаупі бар. Бүгінде елді мекендерге суды жібермеу мақсатында қорғаныс белдеуін күшейту жұмыстары атқарылып жатыр.
"Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып төселді", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде барлығы 1087 адам және 126 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары қолға алынды. Қазіргі кезде тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы жағдай жіті бақыланып отыр.
Айта кетері, бұған дейін Тепличное аулының тұрғындары эвакуацияланған
болатын. Олар үшін Бескөл ауылында және Петропавл қаласында эвакуациялық пункттер ашылды.