Қарағанды облысында Бақты орманшылығында ірі өрт шықты

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Нур-Султана Горящий сухостой
Горящий сухостой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бақты орманшылығының ашық аумағында құрғақ шөп пен тоғайшалар өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Қазіргі уақытта үш әуе кемесімен 6 су төгу жұмысы іске асырылды. Өртті жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар Қазавиақұтқару үш әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, ЖАО, Бақты орманшылығы, Кува орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Фонтаны в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
"Биыл жаз ыстық болады": министр өрт маусымына дайын емес өңірлерді атады
Жаңалықтар
0