"Биыл жаз ыстық болады": министр өрт маусымына дайын емес өңірлерді атады

© Sputnik/Ертай СарбасовФонтаны в Алматы
Фонтаны в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
9 облыстың орман шаруашылықтары мен "Семей орманы" резерваты өрт маусымына дайын болмай шықты
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл жазда өрт қаупі жоғары болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады.
"Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет",-деді Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда министр өрт маусымына дайын емес өңірлерді атады. Олар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының орман шаруашылықтары және "Семей орманы" резерваты.
Лесной пожар в области Абай - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
"Семей Орманы" резерватының трагедиясы қайталанбауға тиіс – Бозымбаев
Жаңалықтар
0