Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне президент әкімшілігі сараптама жүргізеді

© Sputnik/Ертай СарбасовЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Жазылу
Алматы әкімдігі қаланы дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне президент әкімшілігі сараптама жүргізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.
"Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне президент әкімшілігі сараптама жүргізеді", - деп жазды Желдібай.
Оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады.
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Өңірлер
Досаев аялдамада автобусты жарты сағат күтті
Жаңалықтар
0