Өңірлер

Досаев аялдамада автобусты жарты сағат күтті

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев аялдамада жарты сағаттан астам автобус күтіп, Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде қаладағы BRT жобасының жүзеге асырылуы туралы пікірін бөлісті.
Тұрғындардың бірі Сейфуллин көшесінің бойында велосипедке арналған жол төселгелі троллейбус, автобус пен жеңіл көліктер кептелісте тұратынын атап өтті.
"Тимирязев көшесіндегідей Райымбек пен Абай көшелері арасында Сейфуллин көшесіне BRT жасауға бола ма? Алматылықтар мен ҚазҰУ студенттері кептелісте тұрмауы үшін Тимирязев көшесінің бойымен BRT жобасын қазіргідей орталықта қалдыруға бола ма?" - деп сұрады қала тұрғыны.
Сұраққа жауап берген әкім Алматыдағы BRT жобасы әлі аяқталмағанын, жол өтпелі реттелмегендіктен қиындық туындап жатқанын айтты.
"Мені BRT жобасына миллиардтаған теңге жұмсауды көздеп отыр деп айыптап жатыр. Мен жоба жүзеге асырылған 5 жылда бәрі соншалық нашар болды деп айтпаймын, дегенмен кемшіліктер бар. Жоба 5 жылдан бері аяқталмады. Сіз ҚазҰУ-ды айтып өттіңіз, негізгі осы тұста қиындықтар бар. Өйткені жерүсті өткелі реттелмейтіндіктен, проблемалар туындап отыр", - деді Ерболат Досаев.
Айтуынша. егер BRT-ны іске қосса, онда сәйкес аралықтарды және жылжымалы құрамның болуын қарастыру керек еді.
"Бүгінде бұл жоқ. Мен күні кеше BRT бойымен автобуспен жүріп өттім. 32-ші бағыттағы автобусты 33 минут күттім, себебі бұл күні 4 автобус жолға шықпаған. Себеп – қалада қажетті автобус қоры жоқ", - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі бұл мәселені шешу үшін биыл және келесі жылы 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынатынын айтты.
"Сонымен қатар, мен қанша уақыт жүргенімізді есептедім. Классикалық жоғары жылдамдықты BRT Тимирязев/Байтұрсынов көшесінен басталып, арнайы жолаққа дейін жетеді. Ал осы уақытқа дейін автобустар оң жақ жолақпен жүріп, әр бағдаршамға тоқтап қалады. БРТ-ны халықтың игілігіне қолайлы етеміз. Оны қалай жүзеге асыратынымызды әлі шешеміз", - деп түйіндеді Досаев.
Жаңалықтар
0