"Қылмыс туралы ақпарат өшірілген": Бас прокуратура қызметкердің шағымын қайта тексермек

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Шулы мәлімдемеден соң бас прокуратура Жамбыл облысына арнайы топ жіберді
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Прокурор әйелдің әлеуметтік желіде тараған мәлімдемесінен кейін Жамбыл облысында арнайы жұмыс тобы жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бұған дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті қызметкері Әлия Қожабекова әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, басшылықтың үстінен арызданды. Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу шараларының бірыңғай тізілімінен мәліметтерді оп-оңай алып тастай салады. Осылайша Жамбыл облысындағы шынайы қылмыстық жағдай бұрмаланады.
Қожабекова ондай әрекетке қарсы шықтым дейді. Соның нәтижесінде қудалауға ұшыраған. Ал денсаулығына байланысты демалыста болғанда біреулер оның кабинетін ашып, жеке заттарын жертөлеге апарып тастаған көрінеді.
Осыдан кейін бас прокуратура өз тексерісін жіберуге шешім қабылдады.
"Бас прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына құрамына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті тексеріс жасағанын, бірақ арызды растайтын дәлелдерді таппағанын хабарлаған болатын. Қожабекова тағы бейнеүндеу жазып, өз нарызылығын білдірген еді.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жамбыл облысында лауазымды полицей ауыр қылмысты жасырған
Жаңалықтар
0