Жамбыл облысында лауазымды полицей ауыр қылмысты жасырған

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары ауыр қылмысты жасырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ол аудан 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркемеген.
"Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті Қылмиық кодекстің 433-бабы 3-бөлігі 2) тармағы "Ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру" бойынша тергеліп жатыр", - дейді ведомство.
Күдікті полиция қызметкеріне "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Оралда полицей пара алу кезінде ұсталды
Жаңалықтар
0