Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Сәденов министрлік марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов жазды.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жамбыл облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады", - делінген Сәденовтің жазбасында.
Сәденов министрлік марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ Сәденов экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілектестік білдірді.
ДТП в Жамбылской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Жамбыл облысында жол апатынан алты адам көз жұмды: екеуі патрульдік полиция қызметкері
Жаңалықтар
0