https://sputnik.kz/20240817/zhambyl-oblysynda-zhol-apatynan-alty-adam-koz-zhumdy-onyn-ekeui-patruldik-politsiya-qyzmekeri-46392790.html
Жамбыл облысында жол апатынан алты адам көз жұмды: екеуі патрульдік полиция қызметкері
Жамбыл облысында жол апатынан алты адам көз жұмды: екеуі патрульдік полиция қызметкері
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. 17 тамызында сағат 01:00 шамасында "Меркі-Шу-Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында жол апаты болды. 17.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-17T13:05+0500
2024-08-17T13:05+0500
2024-08-17T14:02+0500
жол апаты
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/11/46392978_0:406:720:811_1920x0_80_0_0_f0c30b3fd2610d42ba542eda0dba5093.jpg
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. 17 тамызында сағат 01:00 шамасында "Меркі-Шу-Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында жол апаты болды. 25 жастағы "Тойота Альфард" автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Шкода Октавия" патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында трассада патрульдеу жүргізген екі патрульдік полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке. Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, ал қалған үш жолаушысы мен жүргізушісі әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/11/46392978_0:370:720:910_1920x0_80_0_0_731ee708e1c605ea2ed7b37b20bf3afb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, жамбыл облысы
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. 17 тамызында сағат 01:00 шамасында "Меркі-Шу-Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында жол апаты болды.
25 жастағы "Тойота Альфард" автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Шкода Октавия" патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында трассада патрульдеу жүргізген екі патрульдік полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты.
Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.
Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, ал қалған үш жолаушысы мен жүргізушісі әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.