Үш облыстың су қоймаларында тасқынның белсенді кезеңі аяқталды

Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 20,02 текше метр, Сілеті су қоймасынан 31,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 0,6 текше метр су жіберіліп жатыр.
"Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 1191 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 1270 текше метр су жіберілуде", - деп жазылған хабарламада.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 3500 текше метр су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқан су қоймасынан 2 текше метр, Шерубай-Нұра су қоймасынан 29,3 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 5,0 текше метр су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1556,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 2597,8 текше метр су жіберілуде.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Солтүстік Қазақстанда су тасқыны қаупі жоқ - облыс әкімі
Жаңалықтар
0