Солтүстік Қазақстанда су тасқыны қаупі жоқ - облыс әкімі

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Жазылу
Бөгеттер нығайтылып, айналма арналары салынды
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктегілер.
Қызылжар ауданының ауылдары, Петропавл қаласынан Долматово ауылына дейінгі аумақ, Үлкен және Кіші Тораңғұл көлдері, Сергеев су қоймасы, сондай-ақ Есіл өзені бойында орналасқан елді мекендер тексерілді. Әуеден су деңгейіне, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне және су басу қаупі бар аймақтарға бақылау жасалды.
"Қазіргі уақытта су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр, ол елді мекендерге қауіп төндірмейді. Сәуірдің соңынан қарай су тасқыны шарықтау шегіне жетеді. Тасқынға шарсы кешенді дайындық жүргізілді", - дейді ведомстводағылар.
Бөгеттер нығайтылып, айналма арналары салынды. Жағдай тұрақты бақылауда, деді өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Су тасқынына дрондар арқылы мониторинг жүргізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Су тасқыны: 24 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
Жаңалықтар
0