https://sputnik.kz/20250424/astanadagy-mmu-filialy-zhenistin-80-zhyldygyna-sogys-turaly-estelik-kitabyn-usynady-52820550.html
Астанадағы ММУ филиалы Жеңістің 80 жылдығына "Соғыс туралы естелік кітабын" ұсынады
Астанадағы ММУ филиалы Жеңістің 80 жылдығына "Соғыс туралы естелік кітабын" ұсынады
Sputnik Қазақстан
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында кітаптың үшінші басылымын шығарды 24.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-24T17:35+0500
2025-04-24T17:35+0500
2025-04-24T17:35+0500
жеңістің 80 жылдығы
жеңіске тағзым
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38125529_0:0:3101:1745_1920x0_80_0_0_8741da7abad38ff386b7d9fe37c759f5.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы мен президенттік орталық 29 сәуірде өтетін "Мәңгілік естелік күні" атты шарада "Соғыс туралы естелік кітабын" таныстырады.Мәскеу мемлекеттік университетінің Астанадағы филиал студенттері жасаған "Соғыс туралы естелік кітабы" - олардың отбасы мұрағатындағы естеліктер мен құжаттарға негізделген, деп хабарлады университет.Осындай алғашқы кітап филиал студенттерінің бастамасымен 2020 жылы шығарылды. Онда соғысқа қатысқан туған-туыстары жайлы естеліктер бар.Екінші басылымы 2023 жылы шықты.Студенттер президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболатпен, Қазақстандағы филиал директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Александр Сидоровичпен және "Мемориалдық аймақ" бірінші іздестіру отрядының командирі Майдан Құсайыновпен кездеседі.Кездесу соңы "Жеңіс дауысы" музыкалық-поэтикалық челленджі қатысушыларының қойылымымен аяқталады.
https://sputnik.kz/20250423/eek-da-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-fotokorme-ashyldy-52776138.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38125529_372:0:3101:2047_1920x0_80_0_0_54fc7dd94bfdfc934faafefe321db479.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым
Астанадағы ММУ филиалы Жеңістің 80 жылдығына "Соғыс туралы естелік кітабын" ұсынады
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында кітаптың үшінші басылымын шығарды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы мен президенттік орталық 29 сәуірде өтетін "Мәңгілік естелік күні" атты шарада "Соғыс туралы естелік кітабын" таныстырады.
Мәскеу мемлекеттік университетінің Астанадағы филиал студенттері жасаған "Соғыс туралы естелік кітабы" - олардың отбасы мұрағатындағы естеліктер мен құжаттарға негізделген, деп хабарлады университет.
Осындай алғашқы кітап филиал студенттерінің бастамасымен 2020 жылы шығарылды. Онда соғысқа қатысқан туған-туыстары жайлы естеліктер бар.
Екінші басылымы 2023 жылы шықты.
"Бірқатар жылдар бойы студенттер отбасылық мұрағаттарды белсенді түрде зерделеп, туған-туыстары мен достарының тарихын зерттеді. Олардың ізденіс нәтижесі - бірегей "Соғыс туралы естелік кітабының" үшінші басылымы болды", - делінген хабарламада.
Студенттер президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболатпен, Қазақстандағы филиал директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Александр Сидоровичпен және "Мемориалдық аймақ" бірінші іздестіру отрядының командирі Майдан Құсайыновпен кездеседі.
Кездесу соңы "Жеңіс дауысы" музыкалық-поэтикалық челленджі қатысушыларының қойылымымен аяқталады.