https://sputnik.kz/20250423/eek-da-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-fotokorme-ashyldy-52776138.html
ЕЭК кеңсесінде Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
ЕЭК кеңсесінде Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
Sputnik Қазақстан
Шығармалар Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдерін қамтиды 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T15:56+0500
2025-04-23T15:56+0500
2025-04-23T16:01+0500
еаэо
жеңістің 80 жылдығы
фотокөрме
жеңіске тағзым
https://sputnik.kz/img/07e9/04/17/52771527_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4747766acd9a438cce9778fc9498f4b3.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашты.Ол екі бөлімге бөлінген және Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдерін – 1941 жылы фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруінен бастап 1945 жылғы Берлиндегі жеңісті шайқастарға дейінгі кезеңдерді қамтиды.Көрменің негізгі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік мұрағаттарынан таңдалған алдыңғы шептегі фотосуреттер бар. Заманауи аудиовизуалды эффектілер, қабырғаларға проекцияланған ақ-қара суреттер, көркем жарықтандыру, музыкалық сүйемелдеу – мұның барлығы көрмеге ерекше атмосфера беріп тұр.Сарғайған ескі газеттер мен сарбаздардың хат жинақтары да көрмеге келушілердің назарын өзіне аударады. Көрменің "Біздің батырлар" деп аталатын екінші бөлігінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ЕЭК қызметкерлері туыстарының 600-ге жуық фотосуреттері қойылған.Әрбір ардагер туралы мәлімет ашық мұрағат көздері арқылы қосымша зерттелді: өмірбаян анықтамалары жасалып әрі жаңартылды, наградалар мен әскери атақтар туралы мәліметтер қалпына келтірілді.Көрмені ЕЭК сайтында "Біздің батырлар" бөлімінен көруге болады.
https://sputnik.kz/20250318/zhenistin-80-zhyldygyna-oray-ardagerler-portaly-zhanartylady-51706562.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/17/52771527_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_109fe89122fcf85d49dcc9d7f352eca8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, фотокөрме, жеңіске тағзым
еаэо, фотокөрме, жеңіске тағзым
ЕЭК кеңсесінде Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
15:56 23.04.2025 (жаңартылды: 16:01 23.04.2025) Шығармалар Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдерін қамтиды
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Жеңістің 80 жылдығына арналған
фотокөрме ашты.
Ол екі бөлімге бөлінген және Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдерін – 1941 жылы фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруінен бастап 1945 жылғы Берлиндегі жеңісті шайқастарға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Көрменің негізгі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік мұрағаттарынан таңдалған алдыңғы шептегі фотосуреттер бар. Заманауи аудиовизуалды эффектілер, қабырғаларға проекцияланған ақ-қара суреттер, көркем жарықтандыру, музыкалық сүйемелдеу – мұның барлығы көрмеге ерекше атмосфера беріп тұр.
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме
Сарғайған ескі газеттер мен сарбаздардың хат жинақтары да көрмеге келушілердің назарын өзіне аударады.
"Біз фашизмді жеңу жолындағы әкелеріміздің, аталарымыз бен арғы аталарымыздың батырлығы мен ұлы жауынгерлік ерлігіне зор құрметпен қараймыз. Біздің көрменің әрбір экспонаты ерекше құндылыққа ие, өйткені батырлардың портреттері мен есімдерінің артында олардың қайталанбас ерліктері жатыр", - деді ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынбаев.
Көрменің "Біздің батырлар" деп аталатын екінші бөлігінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ЕЭК қызметкерлері туыстарының 600-ге жуық фотосуреттері қойылған.
Әрбір ардагер туралы мәлімет ашық мұрағат көздері арқылы қосымша зерттелді: өмірбаян анықтамалары жасалып әрі жаңартылды, наградалар мен әскери атақтар туралы мәліметтер қалпына келтірілді.
Көрмені ЕЭК сайтында "
Біздің батырлар" бөлімінен көруге болады.