Жетісу облысында 66 елді мекенге газ мерзімінен бұрын тартылады

© Photo : официальный сайт акимата Нур-Султана Газовое оборудование
Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Бүгінде аймақта 358 елді мекеннің 198-і газбен қамтылған
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында 66 елді мекеннің тұрғындары газбен белгіленген мерзімнен бір жыл бұрын қамтылады. Бұл туралы "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде "Талдықорған-Үшарал" магистралды газ құбырының құрылысы жүріп жатыр.
"Жетісу облысының тағы 66 елді мекені газбен қамтамасыз етіледі. Объект бір жыл екі айға ерте тапсырылады деп күтілуде", - деді Жаркешов.
Ал Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбаевтың айтуынша, магистралды газ құбыры 98 процентке дайын. Бірақ ең қымбат жұмыстар қалды. Ол – 6 газ тарату станциясын салу. Бұның бәрін қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Алайда ары қарай газ тарату, яғни газды әрбір үйге жеткізу мәселесін шешу керек. Оған қосымша қаржы қажет болады.
"Осының арқасында Ақсу, Сарқан мен Алакөл аудандарында 66 елді мекенде газ болады. Газдандандыру бойынша біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Сараптама қорытындысын биыл қыркүйек айында аламыз. Енді, осы жобаны іске асыру үшін 2026-2027 жылдары қаржыландыру мәселесін шешу керек", - деп атап көрсетті Өксікбаев.
Бүгінде аймақта 358 елді мекеннің 198-і газбен қамтылған. Осы уақытқа дейін 84 ауылға көгілдір отын тартылды.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Газ тапшылығы мәселесі шешілді – QazaqGaz басшысы
Жаңалықтар
0