Газ тапшылығы мәселесі шешілді – QazaqGaz басшысы

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Үш жылда газдандыру деңгейі 4,7 процентке өсіп, 1,7 миллион адам газға қол жеткізді
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешов газ тапшылығы мәселесі шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында газ саласын цифрландыру шаралары қаралды. Сол жерде QazaqGaz басшылығы газ тапшылығы мәселесі шешілгенін мәлімдеді.

"Газ тапшылығы шешілді, ұзақ мерзімді перспективада ресурстық базаның негізі қаланды. Негізгі көршілес серіктестермен қарым-қатынасымыз жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Компанияның қаржылық жағдайы қалпына келтірілді, жоғары халықаралық рейтингтер алынды”,-деді Жаркешов.

Осы орайда компания басшысы халықты газбен қамтамасыз ету шараларына да тоқталды. Оның айтуынша, үш жылда газдандыру деңгейі 4,7 процентке өсіп, 1,7 миллион адам газға қол жеткізді.
“Бюджеттік қаражатсыз 700 млд теңгеден астам сомаға ірі инфрақұрылымдық жобалар салынды. Геологиялық барлау жұмыстары жүйелі түрде басталды. Нәтиже бар”,-деп атап көрсетті Жаркешов.
Айта кетері, Қазақстан 2025 жылы Қытайға газ жеткізуді арттыратыны хабарланған еді.
Қазақстан 2025 жылы Қытайға газ жеткізуді арттырады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Қазақстан 2025 жылы Қытайға газ жеткізуді арттырады
Жаңалықтар
0